Алматыда тексеріс нәтижесінде 26,9 млрд теңгенің заңсыз жұмсалғаны анықталды

Қаракөз Амантай 25 қар. 2025 09:09

Алматы қаласының Ревизиялық комиссиясы білім басқармасы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүргізген тексеріс нәтижесінде 26,9 млрд теңге көлеміндегі қаржының артық жұмсалуы мен түрлі қаржылық заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Письма Президенту telegram арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, мұнша көлемдегі қаржының толық қайтарылуы екіталай.

“Ал бірнеше басшыға тек сөгіс түріндегі жаза қолдану ұсынылған”, - деп жазды дереккөз.

Құжатқа сәйкес, аудит Алматы қаласындағы бюджеттік қаражаттың еңбекақы төлеуге және мектепке дейінгі ұйымдарды тамақтандыруды қамтамасыз етуге жұмсалу тиімділігін бағалауға бағытталған. Тексеру 2021–2024 жылдар аралығын қамтыған.

Аудит барысында қаланың білім беру саласындағы 199 мемлекеттік балабақша, сондай-ақ, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қамтылды. Мемлекеттік аудитке ондаған балабақша және тағы басқа 40-тан астам ұйым кірген.

Қорытындыда Алматыда мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жүктеменің артқаны, кадр тапшылығы және балабақша орындарына деген сұраныстың өскені атап өтіледі.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар