Бұл білім мекемесі Алматы қаласының ТОП 10 маңызды жобаларының қатарына кіретін қазақ тілінде оқытатын жаңа форматтағы мектеп.
Мақсаты: Ұлттық болмысқа тән және қазіргі заманға сай озық тұлғаны тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен білім беруді дамытуға аса назар аударатын ZAMAN SCHOOL-де инновациялық және оқытуда жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін жаңа енгізілген білім беру жүйесі қолданылады.
Сонымен қатар, мектептегі барлық техникалық жабдықтардың ең соңғы үлгілері орнатылған.
Бұл жөнінде мектеп құрылтайшысы Гаухар Нурова:
«Біз ZAMAN SCHOOL қазақ элиталы мектебіне заманауи техникалардың соңғы үлгілерін қолданысқа енгізіп жатырмыз. Мысалы, әр оқушы мен қызметкерлер мектепке кіргенде камера бет-жүзіне қарап Face ID бақылау жасайды. Бөтен адам болса есік ашылмай қалады.
Сондай-ақ, әр оқушы ID карта арқылы мектепке кіріп шыққаны жайлы ата-анасына смс хабарлама автоматты түрде жолданып отырады» деп ерекшеліrтерін жеткізді.
Ал мектеп ғимараты заманауи оқу үдерісіне қажеттінің барлығын ескере отырып, ең үздік қазақстандық сәулетшілермен жобаланған.