Алматыда шетелдік азамат 17 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Алматыда шетелдік азамат 17 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
ашық дереккөз
Алматы қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде 17 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызын шетелдік азамат зорламақ болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz Kop soz басылымына сілтеме жасап.

Алматы қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде 17 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызын шетелдік азамат зорламақ болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz Kop soz басылымына сілтеме жасап.

Анасының айтуынша, оқиға 4 күн бұрын, қыз емтиханнан кейін үйіне қайтып келе жатқан кезде болған.

«Қазіргі уақытта маған елшілік пен полиция тарапынан қысым көрсетіліп жатыр, олар ақша ұсынып, ауыр дертке шалдыққан қызымның ар-намысын сатуды және істі жабуды талап етуде. Оның әрекеттерінен басқа да жәбірленушілер бар, бірақ олар – ересек әйелдер», –деді алматылық әйел.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктінің Үндістан азаматы екені анықталып, ол ұсталған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.