Алматыда салютті заңды түрде қай жерде атуға болады — ТЖД түсіндірді

Қаракөз Амантай 23 жел. 2025 12:54

Алматыда жаңа жыл түні салют атуға байланысты ережелер жарияланды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Данияр Жүсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, кейбір көпқабатты үйлердің ауласында пиротехниканы қолдануға болады.

"Салют ашық алаңда, ғимараттардан, құрылымдардан және электр желілерінен кемінде 50 метр қашықта атылуы тиіс. Егер көпқабатты үйдің ауласындағы алаң осы талаптарға сәйкес келсе, яғни ғимараттардан жеткілікті қашықта орналасқан болса, онда бұл өрт қауіпсіздігі талаптарына қарсы келмейді", – деді Жүсіпов.

Сонымен қатар тұрғындарға пиротехниканы қолдану кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтап, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбау маңызды екені ескертілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар