Алматыда құны 17 млрд теңгеден асатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Прокуратура "Медеу" өңірлік табиғи паркімен шекаралас 288 гектар жерді мемлекетке қайтарып берді. 2 жер телімі жеке меншікке заңсыз берілгені анықталған.
Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты. Алматы қалалық сотының сот алқасы бірінші сатыдағы шешімді күшінде қалдырды.
"Қабылданған шаралар нәтижесінде құны 17 млрд теңгеден асатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
