Алматыда Қазақстан "Халық партиясының" сайлауалды үгіт-насихат іс-шарасы өтті

Dalanews 11 нау. 2023 12:42 635

10 наурызда Алматыда Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат, Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың қатысуымен сайлауалды бейбіт үгіт-насихат іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

“Алматы – Тәуелсіздігіміздің талбесігі. Шаһар іскерлік пен мәдени өмірдің орталығы ретінде еліміздің дамуына ерекше үлес қосып келеді. Алматыда халықтың белсенділігі жоғары болғандықтан біздің сайлауалды бағдарламамыздағы өзгерістер мен реформалардың негізгі тірегі де осы шаһардың тұрғындары”, – деді партия төрағасы.

Ол сондай-ақ қала халқының нақты табысының өсуі туралы ҚХП бағдарламасының негізгі бөлігінде баса назар аударылып отырғанын жеткізді. Шағын және орта бизнес саласы тұрғындарды жұмыспен қамтудың 65 пайыздан астамын қамтып отыр.

Осы ретте төраға жұмысшылардың еңбегі бағаланып, әділ жалақы алуы маңызды екеніне назар аударды.

Сонымен қатар Е.Ертісбаев алматылықтарды қатты алаңдатып отырған экология мәселесіне кеңінен тоқталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар