Алматыда қарыз алушыларды алдап келген микроқаржы ұйымдары анықталды

Асель Қайратқызы 20 қар. 2025 13:44

Алматыдағы экономикалық тергеу департаменті комиссиялық дүкендер, автокөлік жалдау қызметтері және онлайн платформалар арқылы жұмыс істеген жасырын микронесиелік жүйені анықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мекеменің мәліметі бойынша, қалада 14 заңды және бір жеке тұлғаға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, азаматтарға келтірілген шығын толық өтелген.

Департамент басшысының орынбасары Сабырғали Балғалиевтің айтуынша, қылмысты талдау барысында кейбір компанияның клиенттермен «тауар сатып алу» шартын жасасып, іс жүзінде оларды кепіл ретінде пайдаланғаны, мүлікті қайта-қайта сатып жіберіп, жасырын үстемақы алғаны анықталған.

Тергеу аясында алты микроқаржылық ұйымға, оның ішінде Creditum және Sofi Finance ұйымдарына қатысты іс сотқа жолданды. Қарыз алушылар кепілдік шарт түрінде рәсімделген микроқарыздар үшін алған сомадан 3-5 есе көп төлеуге мәжбүр болғаны іс барысында белгілі болды, — деді Сабырғали Балғалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар, 7PAYda.kz сайты арқылы 7 мыңнан астам адамға 10 млрд. теңгеден асатын заңсыз қарыз берген Aiken Tech ЖШС-нің қызметі тоқтатылды. Сонымен бірге, Comfort Time ЖШС-нің жалған зейнетақы аударымын пайдаланып, 400 млн теңгеден асатын 140 қайтарымсыз кредит алуға мүмкіндік берген схема анықталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар