Алматы қаласында полицейлер "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы аясында психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікке ілінген азаматты ұстады,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Көлікті тексеру барысында ұнтақ тәрізді зат салынған 46 байлам табылды және тәркіленді. Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 369 грамнан асатын мефедрон болып шықты.
Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- Тәркіленген зат – аса қауіпті психотроптық зат. Оның таралуы жастардың денсаулығына және қоғам қауіпсіздігіне елеулі зиян келтіреді. Айта кету керек, Алматыда полиция есірткінің заңсыз айналым арналарын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда, – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.