Алматыда комплаенс-мамандарға арналған форум өтті

Көркем Алдабергенова 01 қар. 2024 14:11 2741

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығы мен Нархоз университеті бірлесе отырып, жыл сайынғы комплаенс және іскерлік этика мәселелері бойынша форум өткізді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Іс-шараға квазимемлекеттік және жеке сектордан 250-ден астам өкіл қатысты.
Форум қатысушылары саланың басты мәселелерін талқылап, комплаенс және корпоративтік басқарудағы этика жүйесін дамытуға арналған тәжірибе мен практикалық құралдармен бөлісті.

Форумда Парламент сенаторы Жанна Асанова, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнара Бижанова, сондай-ақ әртүрлі салалардан 20-дан астам сарапшы баяндама жасады.

Сонымен қатар, Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасының басшысы Қанат Салимбаев жас комплаенс-офицерлерге комплаенс институтының мақсаттары мен құқықтық негіздерін таныстырды.

Іс-шара соңында биылғы жылы жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген комплаенс қызметтері марапатталды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар