Алматыда көлік жүргізушілерге тағы бір себеппен айыппұл салына бастайды

Сағыныш Сардарова 15 жел. 2025 14:44

Алматыдағы жаңа БРТ желісінде жол қозғалысы ережелері сақталуына бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыда жаңа БРТ желісі іске қосылды, соған байланысты полицияның тексерісі күшейтілді. Желіні пайдаланудың бастапқы кезеңінде негізгі назар профилактикалық, түсіндіру жұмыстарына бағытталады. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді түсіндіріп, жаңа жол таңбалары мен белгілерге бағдар берді, сондай-ақ, қозғалыстың жаңа тәртібіне бейімделуге көмектесті.

"Бейімделу кезеңі аяқталғаннан кейін жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қабылдана бастайды. Әсіресе, қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтарда көлікті тоқтату және қою, сондай-ақ, жеке көліктердің БРТ жолағына шығу дерегіне ерекше назар аударылады. Құқықбұзушылықтар полиция нарядтарымен қатар фото және бейнебақылау құралдары арқылы да тіркеледі", – деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Алматы полициясы жүргізушілерді жол қозғалысына жауапкершілікпен қарап, ережелерді қатаң орындауға және қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтірмеуге шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар