Алматыда жеті көшенің атауы өзгерді

Dalanews 01 жел. 2016 08:39 951

Бүгін Республика Сарайының алдында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы инаугурациясы өткен жерде ескерткіш тақта салтанатты түрде ашылды. Салтанатты шараға қатысқан Алматы әкімі Бауыржан Байбек сонымен қатар жеті көшенің атауы өзгергендігін мәлімдеді.

Әкім сөйлеген сөзінде қаланың жеті көшесінің атауы өзгергендігін мәлімдеді. Айта өтсек, атауы өзгертілетін көшелер: Медеу ауданындағы Жамбыл Жабаев көшесі – Роза Бағланова көшесі болады, Алатау ауданы Абай көшесі – Әзербайжан Мәмбетов көшесі, Наурызбай ауданы М. Әуезов көшесі – Байкен Әшімов көшесі, 8-желі көшесі – Ербол Сыпатаев көшесі, Бостандық ауданындағы аты жоқ көшеге Тоқмұхамед Садықовтың есімі берілсе, Алмалы ауданы Мирзоян көшесінің атауы Шафик Чокин көшесі болып өзгертіледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар