Техникалық жоғары оқу орнының 4 курс студенті Бақытжан Сағынтаевтан тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы сұрады, қала әкімі тегін оқыту бағдарламасының басталатыны туралы айтты.
– Әрі қарайғы қолдау шараларына келетін болсақ, Сіз дер кезінде сұрақ қойдыңыз. Ертеңнен, 15 шілдеден бастап, біз Home Credit Bank-інде жас АT мамандарына арналған авторлық оқыту және тағылымдамадан өту бағдарламасы негізінде пилоттық жобаны бастаймыз, – деді Бақытжан Сағынтаев.
Home Credit University бірге әрбір талантты адамға жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік беріледі. Курс аясында «Бизнес аналитика» бағытында ORACLE (PL SQL), Power BI дерекқорларын және басқа да сұранысқа ие тетіктерді пайдалануға болады.
Тестілеу кезеңі – ағымдағы жылдың 15 шілдесінен 15 тамызына дейін. Оқу форматы – онлайн. Бағдарламаға экономикалық және техникалық мамандықтардың 3-4 курсының студенттері қатыса алады. Қатысу үшін Бірыңғай коммуникациялық кеңістіктің (https://ekp.digital-almaty.kz/) сайтында анкета толтыру керек; онлайн тестілеуден өтуге және оқуды бастауға болады.
Курстың әр студенті Home Credit University-нің сертификатын алады, ал емтихандарды үздік тапсырғандар» тағылымгер және штаттағы қызметкер ретінде «Хоум Кредит Банкінің» үлкен отбасының бір мүшесі бола алады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы әкімі ресми түрде Бірыңғай коммуникациялық кеңістікті толық ашады, оған үздік университеттер – ҚБТУ, СДУ, КИМЭП, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, АТУ, Алма Университеті, Сәтбаев Университеті, MУИТ енеді.
Бірнеше жыл ішінде АТ таланттарын тартуға арналған экожүйе құру жоспарлануда, бұл қала деңгейінде білікті және бейімделген мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бизнестің тікелей коммуникациясы және білім беру кластері есебінен кадрлық ресурсты арттыру міндеті шешілетін болады.