Алматыда 3–12 тамыз аралығында Халықаралық жастар күніне арналған «Alma Love» мерекелік онкүндігі басталды. Жоба Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының, әкімдік жанындағы жобалық кеңсенің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл қала тұрғындарына, әсіресе белсенді жастарға арналған мәдени, спорттық, экологиялық және шығармашылық іс-шараларды ұсынады,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Онкүндіктің алғашқы жарқын іс-шарасы – қаладағы көше би топтары мен кәсіби бишілерді жинаған «ALL STYLES BATTLE» би баттлы болды. Қатысушылар түрлі стильде өнер көрсетіп, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Алдағы күндері алматылықтарды жастар арасында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған экоакцияларға қатысу, стартаптар мен креативті идеяларды таныстыратын жастар және әлеуметтік жобалар көрмесі, квест ойындар мен ұлттық спорт түрлерінен спорттық жарыстар күтеді. Сондай-ақ, мерекелік бағдарламада жас орындаушыларға арналған Open Mic форматындағы концерт пен жастар ойын айтып, қала ортасын жақсартуға ұсыныстар бере алатын диалог алаңы да бар.
Онкүндіктің шарықтау шегі 12 тамыз күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін «Alma Love» қорытынды фестивалі болмақ. Кіру тегін.
«Жастардың дамуына жағдай жасау және олардың бастамаларын жүзеге асыру – біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы онкүндік аясында түрлі форматтағы шараларды қамтып, әртүрлі қызығушылықтары бар жастарды біріктіруге тырыстық. Барлық алматылықты белсенді қатысып, мерекелік атмосфераны бірге сезінуге шақырамыз», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.
Онкүндік іс-шаралар бағдарламасы:
№ |
Іс-шараның атауы |
Сипаттамасы |
Өткізу орны |
Күні |
1 |
EcoVibe |
Жастар арасындағы эко - челлендж, тазарту және қалаға қамқорлық көрсету. Сонымен қатар эко-фест өткізіледі |
аулалар мен Арбат алаңы, Сайран көлінің шығыс бөлігі |
05.08.2025 ж. |
2 |
Graffiti Jam |
Суретшілер, белсенділер және қала тұрғындары бірге «Алматы – жастар қаласы» атауымен мурал жасайды |
Алатау ауданы, Саялы шағын ауданы 118 |
06.08.2025 ж. |
3 |
«Jastar joly» квест ойыны |
Алматының негізгі мәдени және тарихи нысандары бойынша маршруттармен қалалық квест-ойын. Командалар қала тарихына, әлеуметтік бастамаларға, мәдениетке және еріктілікке байланысты тапсырмаларды орындайды. |
қаланың мәдени және тарихи нысандары |
07.08.2025 ж. |
4 |
Jastar Talks |
Жастар мен олардың кумирлері, шабыт беретін спикерлермен ашық әңгіме жүргізуге арналған диалог алаңы, онда Алматы қаласын жақсартуға қатысты өзекті мәселелер талқыланады. |
комьюнити орталықтар |
08.08.2025 ж. |
5 |
Social Lab |
Жастар және әлеуметтік жобалар көрмесі |
Апорт СОО (жаңа) |
09.08.2025 ж. |
6 |
Youth nomad |
Қала базарларында жұмыс істейтін жастар арасындағы ұлттық спорт түрлері бойынша фестиваль |
Рахат базары |
10.08.2025 ж. |
7 |
Open mic |
Ашық микрофон кеші, онда жас стендап артистері мен КТК резиденттері қала базарларында талантын көрсетеді, ал жас вокалистер Арбатта өнерін ортаға салады. |
Арбат алаңы, Кенжехан базары |
11.08.2025 ж. |
8 |
ALMA LOVE концерті |
Өз саласының дамуына үлес қосқан жастарды марапаттау рәсімімен өтетін қорытынды концерт |
Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы |
12.08.2025 ж. |