Ақтөбеде қоқыс ішінен жаңа туған сәби табылды

Ақтөбеде қоқыс ішінен жаңа туған сәби табылды
pixabay.com

Ақтөбе қаласында пакет ішінен жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

23 мамыр күні Ақтөбеде жаңа туған нәресте салынған пакет анықталған. Сәбиді полиция қызметкерлері дер кезінде тауып, медициналық мекемеге жеткізген.

Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің бақылауында. Оның жағдайы медициналық мекемеде қадағаланып жатыр.

Құқық қорғау органдары баланың анасын анықтау бағытында жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.