Қазақстан Үкіметі халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізді, , деп хабарлайды dalanews.kz.
Жаңа өзгерістерге сәйкес, тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін еңбек өтіліне қойылатын талаптар нақтыланды. Оның ішінде жасанды интеллект жүйелерімен жұмыс істейтін мамандар да қамтылды.
Сонымен қатар атом саласы қызметкерлеріне магистратура және PhD бағдарламалары бойынша білім алуға өтініш беру мүмкіндігі қарастырылды.
Магистратура бағдарламасына түсушілер үшін негізгі талаптар өзгеріссіз қалды. Үміткерлер шетелдің жетекші жоғары оқу орындарынан шартсыз қабылдау алуы, шетел тілін меңгеруі және дипломдағы орташа көрсеткіші кемінде 3.0 GPA болуы тиіс.
Бұдан бөлек, құжаттарды eGov порталы арқылы тапсыру талабы бекітілді. Сондай-ақ оқу аяқталғаннан кейін міндетті еңбек өтеу нормасы сақталады.
Өзгерістер жоғары білікті кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге және басым салаларға мамандар тартуға бағытталған.