10 мамырдан бері өтіп жатқан негізгі ҰБТ-ны шамамен 92 мың түлек тапсырған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Талапкерлердің 71 пайызы тестті қазақ тілінде, 29 пайызы орыс тілінде, ал 164 адам ағылшын тілінде тапсырған. Екінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 65 пайызы шекті балл жинаған. Бес пән бойынша орташа көрсеткіш 63 балл болды. Ең жоғары нәтиже - 138 балл.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегіне сүйенсек, екінші аптада ереже бұзудың 178 дерегі тіркелген.
Олардың ішінде 103 талапкер смартфон, смарт көзілдірік, микроқұлаққап, шпаргалка секілді тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылған.
Тағы 75 адам тест кезінде ережені бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылған.