Алматыда ЭКСПО-орталық үшін жерлер алынады

Самал Асқар 13 сәу. 2026 21:13

Алматыда ЭКСПО-орталық құрылысы үшін жер телімдерін мәжбүрлеп алу басталды, деп хабарлайды Dala News.
 
Мәліметке сәйкес, жер телімдерін алу туралы қаулы 2026 жылғы 26 наурызда қабылданған. Қазіргі уақытта әкімдік жаңа нысан құрылысына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
 
Жоспар бойынша, жер телімдері Медеу ауданында, Құлжа тас жолының шығысында орналасқан аумақтан алынады. Жалпы алынатын жер көлемі шамамен 1 гектарды құрайды.
 
Құжатқа сәйкес, үш жер телімі қарастырылған:
•Құлжа тас жолы, 92 – 0,56 гектар;
•Құлжа тас жолы, 70/2 – 0,15 гектар;
•Алматы – Қорғас автожолы бойындағы жеке тұлғаға тиесілі жер – 0,25 гектар.
 
Жер телімдерін алу рәсімін 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарланған.
 
Әкімдік мәліметінше, жер иелеріне өтемақы төленеді. Жер телімдері мен ондағы құрылыстар нарықтық бағамен бағаланады.
 
Егер меншік иелері ұсынылған өтемақы сомасымен келіспесе, мәселе сот тәртібімен шешілуі мүмкін.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove