Алматыда бір ай бойы аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық танытушы түрлі шаралар өткізілді

Кәмшат Тілеухан 07 қар. 2024 17:05 1523

Қариясын қазынаға балайтын Қазақстанда 1 қазаннан бастап қарттар айлығы басталып, қараша айына дейін өз жалғасын тапты.Бір ай көлемінде Алматы қаласының барлық аудандарында аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық жасауға арналған шаралар өткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осы орайда, Amanat партиясы да шетте қалмай, "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында бір қатар іс-шараларды өткізді. Жоба аясында түрлі форматтағы 50-ге жуық шара өткізіп, қаламыздағы 400 ардагерге түрлі көмектер көрсетіп, азық-түлік себеттерін табыстады.

Осы ретте Алматы қаласы мәслихат депутаты, қалалық қан орталығының директоры Нәдіров Жандос Қуанышбекұлы да Amanat партиясының Бостандық аудандық филиалымен бірлесе аудандағы ұзақ өмір сүрушілерді үйлеріне барып құттықтап, арнайы сыйлықтарын тарту етті.

Жоба аяасындағы шаралар тек мереке күндерінде емес жыл бойы өз жалғасын табатын болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар