Freedom Inside '26

Алматыда балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Алматыда балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Алматы ТЖД

Алматыда балалардың терезеден құлау жағдайларын болдырмау мақсатында кешенді алдын алу жұмыстары жүргізілуде,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін 1 425 терезе шектегіш сатып алынып, оның 465-і тегін орнатылды. Қауіпсіздік шаралары бойынша қала тұрғындарына кең көлемді ақпараттық науқан ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, 2,7 миллион адамға SMS-хабарлама жолданды. Сонымен қатар мектептер мен балабақшаларда қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне арналған сабақтар мен ойындар өткізілді. Тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, 7 мыңнан астам жадынама таратылды.

Ақпараттық материалдар тұрғын үйлердің подъездерінде, LED-экрандарда, әлеуметтік желілерде, телеарналар мен радио арқылы жариялануда. Сондай-ақ қала аумағындағы лагерьлерде демалып жатқан 100-ден астам балаға «Қауіпсіздік мобильді мектебі» оқытуын өткізді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, мұндай шаралардың басты мақсаты – әрбір баланың өмірі мен денсаулығын қорғау.