Алматыда "Балалардың жүгіру жарысы" жыл сайын өтіп тұрмақ

Dalanews 17 мам. 2018 04:01 1135

Алматы қаласындағы Орталық мәдениет пен демалыс паркінде 19 мамыр күні Алматы марафоны аясында ең жас спортшыларға арналған спорттық шара – Балалар жарысы өтеді. Оған 3-14 жас аралығындағы балалар қатысады деп күтілуде.  

Балалардың жүгіруден жарысы тұңғыш рет жеке спорттық шара ретінде өткелі отыр. Сайысқа қатысуға 300 адам тіркелген.

– Балалардың жүгіруі жарысы өзге де байрақты бәсекелермен бірдей жыл сайын Алматы марафоны аясында өтетін тағы бір шараға айналмақшы. Бізге Алматы марафоны мен жарыстарға қатысушылардан  балаларға арналған шараларды ұйымдастыру немесе сайыстарға 10 жастан кіші балалардың қатысуына рұқсат беру туралы өтініштер жиі келеді. Сол себепті біз балаларға арналған жарысты өткізу туралы шешім қабылдадық. Қашықтықтар кішкентай балалардың өздігінен еңсеруіне жағдай жасау үшін және ыңғайлылық пен қауіпсіздікті ескере отырып есептелген, – дейді Алматы марафонының директоры Салтанат Қазыбаева.

Жүгірумен айналысудың көптеген оң әсері бар – физикалық саулықты шыңдау, ұйқы, тәбет пен ми қызметінің жақсаруы, шаршауға қарсы төзімділіктің жоғарылауы. Жүгіру кезінде жалқаулықты жеңу кейін сабақ оқуға да жағымды әсер етеді. Оқушылар үй жұмысын оңайлықпен орындай алатын болады. Ойын элементтерін қосу арқылы баланың жүгіруге деген қызығушылығын арттыруға болады. Осы арқылы бала жүйелі түрде жүгіруге дағдыланады. Бұл ретте жүйелілік пен жоспарлау маңызды. Тек осы арқылы жүгіру жас спортшының ағзасына оң ықпал ете алады.

– Шара жас жүгірушілерге жақсы көңіл-күй сыйлап, жүйелі түрде жүгірудің бастамасына айналса игі. Үлкен қашықтықтарға жүгіру ми жұмысын жақсартады, әрі медитация іспетті. Жүгіру кезінде келген қызықты идеяларын әлемдік хитке айналдырған адамдар туралы оқиғалар көп. Мәселен, Google қызметкерлерінің біріне жүгіру кезінде Google Glass жасап шығару идеясы келген. Біздің қатысушыларымыздың ішіненәлемдік трендтердің авторлары шығатынына күмән жоқ, – дейді Салтанат Қазыбаева.

Айнұр Жұмахан

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар