Алматыда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шықты

Қаракөз Амантай 21 қаз. 2024 17:14 1765

Алматыда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шықты, оқиға видеоға түсірілген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, төбелес 21 қазан күні таңертең Назарбаев даңғылында орын алған.

Жолаушылардың бірі автобустың есігін тепкеннен кейін жүргізуші сыртқа шығып, оған айқайлай бастайды. Бірнеше минуттан соң ер адам пышаққа ұқсас затты алып, жүргізушіні қорқыта бастаған. Видеода жүргізушінің өз-өзін қорғауға тырысып жатқанын көруге болады.

Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Алматы қаласының полиция департаменті жанжалға қатысушы тараптардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатынын хабарлады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар