Алматыда алғаш рет екі адамға көздің қасаң қабығы трансплантацияланды

Ақтоты Жапатова 23 мау. 2025 11:12

Алматы қаласында алғаш рет екі адамға көздің қасаң қабығы сәтті көшірілді. Операциялар Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында өтті,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Донор геморрагиялық инсультпен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға түскен пациент болды.

"Екі күннің ішінде оған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамаларына сәйкес толық көлемде медициналық көмек көрсетілді, дәрігерлік консилиумдар өткізілді. Мамандардың барлық күш-жігеріне қарамастан, пациенттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады - биологиялық өлім болды. Пациенттің қайтыс болғаннан кейін ағзалардың донорлығына ресми келісімі болды, сондай-ақ оның жақын туыстары жазбаша түрде тиісті рұқсат берді", - денлінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Көпмүшелік ағза алудан кейін донордың жүрегі Астанадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа жеткізіліп, науқасқа сәтті ауыстырылды. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.

Бүйректері де Астанаға жеткізіліп, балаларға салынды. Екі трансплантация да сәтті өтті. 

Айта кетейік, көздің қасаң қабығын трансплантациялаудың ерекшелігі — оны алғаннан кейін мүмкіндігінше тез арада, қаз-қалпында алғашқы тәуліктің ішінде салу қажет. Әйтпесе, тіндер қасиеттерін жоғалтып, жарамсыз болып қалады, бұл көру қабілетінен айырылған науқастардың қайта көру үмітінен айырады.

Пациенттерде кератопатия буллозасы және мөлдір қабықтың бұлыңғырлығы болды - оның құрылымы бұзылған, ісіну мен көпіршіктер (буллалар) пайда болатын ауыр мөлдір қабық ауруы, бұл толық соқырлыққа дейін көру қабілетінің қатты төмендеуіне әкеледі.

Донорлыққа және Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерінің жоғары біліктілігінің арқасында екі пациент те көру қабілетін қалпына келтіруге және толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік алды. Операциядан кейінгі кезеңде олар көру функциясының жақсаруын болжайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар