Алматы қаласының экономикалық көрсеткіші 104,1%-ға дейін өсіп, кәсіпкерлік сала 5,5 трлн теңгенің өнімін өндірген

Жарбол Кентұлы 06 қар. 2024 11:29 567

Алматы қаласы әкімдігінің Экономика басқармасы 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шаһардың қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіші 104,1%-ға дейін өскенін алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Алматының жалпы өңірлік өнімі жылдың бірінші жартысында 3,5%-ға өсті (Қазақстан бойынша – 3,2%). Экономиканың өсу драйверлері – көлік (+21,6%) және құрылыс (+11%) салаларында орын алған. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша азық-түлік өнеркәсібіндегі өсім қарқыны қалпына келген. Тамақ өнімдері өндірісінің индексі 2024 жылдың қаңтар айындағы 84,6%-дан 89,3%-ға, ал сусындар өндірісі 56,9%-дан 91,3%-ға дейін өсті, – деді Экономика басқармасының өкілдері.

Сондай-ақ, қыркүйек айында іскерлік белсенділік индексі 53,4%-ға дейін артты. Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасының өсуі 5,5% деңгейінде, ал 2025 жылы 6,4% деңгейінде болады деп болжанып отыр.

Ал ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда ШОБ өнімін шығару 28,4%-ға 5,5 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Қаңтар-қыркүйекте жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 6,2%-ға 361,1 мың бірлікке дейін өсті. Экономика басқармасының болжамы бойынша, Алматының 2025 жылға арналған бюджеті 20%-ға 2,1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.

– ШОБ-ты қолдау үшін 2024 жылы мемлекеттік бюджеттен субсидиялауға, кепілдік беруге және кредиттеуге 53,1 млрд теңге бөлінді. 2024 жылдың 9 айында 113,1 млрд теңге несие сомасына 1,7 мың жаңа ШОБ жобасына қолдау көрсетілді, өткен жылдары мақұлданған 2 мыңнан астам жобаның сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде қолдау алуды жалғастыруда, – деп хабарлады экономика басқармасы.

Бұл Алматының ЖӨӨ-дегі ШОБ үлесін 2024 жылы 60%-ға дейін, 2025 жылы 62%-ға дейін ұлғайтуға ықпал етеді. 2024 жылдың бірінші тоқсанында ШОБ үлесі 55,2%-ды құрады.

Алматы экономика басқармасының хабарлауынша, индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар алаңдарында жалпы сомасы 452 млрд теңгеге 87 инвестициялық жоба іске асырылуда. 2024 жылы 4,5 мың жаңа жұмыс орнын құрумен 220 млрд теңге сомасына 40 жоба іске асатын болады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар