Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев қаланың үш жылдық бюджетінің жобасы қаралып жатқан мәслихаттың кезектен тыс сессиясы кезінде абаттандыру паспорттарын енгізу барысы туралы айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл құжаттар биылғы жылы қабылданған қаланы абаттандырудың жаңа ережелерінде қарастырылған.
– Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында әкімдік сүйікті қаламызды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Қаланы абаттандыру және көгалдандыру – жайлы қалалық орта құру және алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша біздің басымдығымыз. Абаттандырудың жаңа сапасына қол жеткізу және жасыл қорды кеңейту үшін осы маңызды басымдықтарды қаржыландыру 2025 жылы 40%-ға немесе 50 млрд теңгеге 170,5 млрд теңгеге дейін ұлғаяды, – деді Ерболат Досаев.
Қала басшысы ағымдағы жылдың шілде айында аумақтарды абаттандыру паспорттарын енгізуді көздейтін қаланы абаттандыру ережелері бекітілгенін еске салды. Паспорттау кәсіпкерлер мен басқа субъектілердің іргелес аумақтар үшін жауапкершілік шекараларын нақты анықтауға мүмкіндік береді.
Абаттандыру паспортында ЖТҚ аумақтарын, құрылыс, балалар және спорт алаңдарын, нөсерлі кәріз желілерін, бақша-саябақ жиһаздарын және МАФ ұстау тәртібі сипатталған. Ғимараттар мен құрылыстардың иелері қасбеттерді уақтылы жөндеуді және сырлауды қоса алғанда, оларды тиісті күтіп ұстау мен пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, қасбеттер мен аумақтардың эстетикалық және санитарлық жағдайының дұрыс застігі үшін меншік иелерінің әкімшілік жауапкершілігі бекітілген.
Паспорттау процесі үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде магистральдық көшелерде, қалалық маңызы бар аймақтарда және жаяу жүргіншілер кеңістігінде мыңнан астам нысан қамтылды. Екінші кезеңде аудандық маңызы бар көшелерге назар аударылады, ал соңғы кезең жергілікті маңызы бар көшелер мен аулаішілік аумақтарды қамтиды.
Бұл құжат 2 мыңға жуық кәсіпкерлік нысаны үшін ресімделді және 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін 6 039 нысанды қамти отырып, паспорттауды толық аяқтау кезең-кезеңмен қамтамасыз етілетін болады.