Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті

Көркем Алдабергенова 12 жел. 2025 16:54

Алматы полициясы қызметін күшейтілген тәртіпте атқаруға көшірілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін Алматыда қала полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаровтың төрағалығымен кешенді полиция күштерінің біріккен саптық таралым өткізілді. Іс-шара мерекелік күндерге орай қоғамдық қауіпсіздікті арттыру мақсатында қызметті күшейтілген тәртіпте атқаруға көшіру аясында ұйымдастырылды.

Генерал Заппаров жеке құрамға негізгі міндеттерді қойды: қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, алдын алу жұмыстарын күшейту және кез келген құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету. Арнайы назар халық көп жиналатын орындарды патрульдеу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және альтернативті көліктерді пайдалану кезінде құқық бұзушылықтарды болдырмауға аударылды.

«Біз мерекелік күндерде тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету үшін қызметті күшейтілген тәртіпте атқаруға көштік. Полицияның міндеттері өзгермейді - Заң және тәртіп. Әрбір қызметкер өз қызметін жауапкершілікпен, мұқият және принципті орындауы тиіс. Қызметіңіз арқылы адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, кез келген құқық бұзушылық уақытылы анықталып, тоқтатылуы қажет», - деп атап өтті Арыстанғани Заппаров.

Алматыда«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды: жаяу және автопатрульдер күшейтілді, кинологиялық есептер, ӘПБ, ҚҚБ және жедел қызметтердің бөлімшелері тартылды.

Алматы полициясы азаматтарды заң нормаларын сақтауға, абай болуға және кез келген құқық бұзушылықтар мен күдікті жағдайлар туралы дереу хабарлауға шақырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар