Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Көркем Алдабергенова 09 қаң. 2026 17:31

9 қаңтарда Алматы қалалық полиция департаментінің жаңа басшысы белгілі болды. Бұл қызметке бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментін басқарған Айдын Қабдулдинов тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақпаратты ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

"Полиция генерал-майоры Айдын Тоқтарұлы Қабдулдинов, бұрын Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы болған, Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды", - деп хабарлады ІІМ.

Бұған дейін Алматы қалалық ПД-ны Арыстанғали Заппаров басқарған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар