“Алматы Паркинг” жұрттың ашуына тиді

Dalanews 21 жел. 2025 08:59

Алматы көшелерінің бірінде “Almaty parking” компаниясына тиесілі көліктің жол қозғалысы үстіндегі, яғни тұрақта тұрмаған көліктерден тұрақ ақысы ретінде ақша төлеуді талап еткен видеосы тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz 

Мұндай қолайсыз жағдайлар “Almaty parking” тарапынан бұған дейін де бірнеше рет орын алған. Оқиғаға Мәжіліс депутаттары да үн қосып жатыр. Аталған мәселе Парламентте де көтерілген. Мұрат Әбенов, Бақытжан Базарбектердің айтуынша, көлік кептелісте,  қозғалыс үстінде тұрғанда оларды суретке түсіріп, ақылы тұрақта тұрғандай есептеп, айыппұл салу деректері кездескен.

«Менің білуімше, бұл автотұрақ жүйесі барлық автотұрақтарды мемлекет қарамағына өткізіп, тәртіп орнатамыз деп мәлімдеген еді. Алайда көріп отырғанымыздай, іс жүзінде орын алып жатқан бассыздықтар мүлде басқаша», – деді Мұрат Әбенов.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары Бақытжан Базарбек пен Асхат Аймағамбетов жекеменшік автотұрақ жерлерін әкімдік қарамағына өткізу және тұрақтан жиналған қаржыны қалалық бюджетке бағыттау жөнінде құрылыс кодексіне өзгерістер енгізіп, тиісті заңды қабылдаған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар