Алматы пандемия кезінде де инвестициялық тартымдылығын жоғалтқан жоқ

Dalanews 19 там. 2021 18:21 737

Алматы қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Алматыда британдық, оңтүстіккореялық, түрік және ресейлік инвесторлардың қатысуымен жаңа жобалар жүзеге асып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Пандемияға қарамастан, Алматы қаласы сыртқы инвестициялар үшін тартымдылығын жоғалтқан жоқ. Еркебұлан Оразалин Алматыда шетелдік инвесторлардың қатысумен бірқатар жаңа жобалардың жүзеге асырылып, әзірленіп жатқанын айтты.

– Қыркүйек айында Esentai City базасында De Monford Британ университетінің бірінші филиалын ашу жоспарланып отыр, ал Алматыда халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысы басталады, – деді ол.

Басқарма басшысы 2 тамызда 150 төсек-орынға арналған көпсалалы клиника жобасына 17,2 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлап отырған Orhun Medical түрік компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілгенін еске салды.

Сонымен қатар, 11 тамызда «Медикал Партнерс» ұсынған кореялық инвесторлармен 200 кереуеттік Оңтүстік Кореяның заманауи медициналық орталығы мен зертхананың құрылысы жобасын жүзеге асыру бойынша келісім туралы Меморандумға қол қойылды.

Жақын арада ресейлік инвесторлар Алматыда «Леруа Мерлен Қазақстан» гипермаркетін салу жобасын іске асыруды бастауды жоспарлап отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар