Алматы облысының киберполицейлері «Antifraud-орталықтың» нәтижелілігі туралы айтып берді

Жарбол Кентұлы 14 қар. 2024 11:04 727

Алматы облысының киберполицейлері Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар туралы айтып берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды киберқауіптерден қорғаудың жаңа жолдары туралы айтып, алаяқтық схемаларды жедел анықтауға бағытталған жобаларды ұсынды.

– 22 шілдеде өз жұмысын Ұлттық банкпен және ҚР ІІМ-мен бірлесіп бастаған «Antifraud-орталық» жобасын құру маңызды қадам болды. Орталық алаяқтық операцияларды тиімді анықтау және бұғаттау үшін қаржы ұйымдарын, құқық қорғау органдарын және байланыс операторларын біріктіретін платформа болып табылады. Орталық іске қосылған сәттен бастап Алматы облысы бойынша 200-ге жуық күдікті операцияға тосқауыл қойылып, жәбірленушілерге бұғатталған қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп атап өтті Алматы облысы ПД КПБ бастығының м.а. Нұржан Кеңесханұлы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар