Алматы облысындағы зауыт жылына 35 мың тонна қант өндіргелі отыр

Dalanews 16 мау. 2020 08:57 1201

2017 жылы іске қосылған Ақсу қант зауыты жаңа маусымға дайындықты бастады. Кәсіпорында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.




Бұл жерде сағатына 10 тоннаға дейін өндірістік қуаттылықпен өнімді сығу және қалдықтарды қаптау  бойынша желіні іске қосу жоспарланып отыр.

Бір маусымда кәсіпорын 300 000 тонна қант қызылшасын өңдеп, 35 000 тоннаға дейін құмшекер шығара алады.


"Президент өткен жылы экономиканың өсімін 4% - ға қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл көрсеткіш 4,5% - ға жетті, жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асты. Бұл жетістіктерде Ақсу ауданы тұрғындарының да қосқан үлесі бар. Ақсу қант зауыты 10 жыл тоқыраудан кейін мемлекеттік қолдау мен облыс әкімдігінің, "Жетісу" ӘКК мен инвесторлардың бірлескен жұмысының арқасында қайта жұмыс істеуде.



Зауыттың іске қосылуы ауданның экономикалық жағдайына оң әсер етті. Біз сервистік-дайындау орталықтарын құрдық, қант қызылшасын субсидияладық, тұқым сатып алдық, агротехникалық іс - шараларды үнемі өткізіп отырамыз", - деп атап өтті Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.



Қазіргі Қазақстанның қант саласы тарихында мемлекеттің қолдауымен нөлден қалпына келтірілген Ақсу қант зауыты жалғыз кәсіпорын болды. "Ақсуқант" ЖШС зауытының жұмысы елді мекенге және жақын аудандарға жаңа өмір сыйлады.

Кәсіпорын қысқа мерзімде өңірдің өнімді қайта өңдеу өндірісіне айналды. Кәсіпорынның шикізаты Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарында құрылған 17 қызылша бағытындағы сервистік-дайындау орталықтарын және 200-ден астам ұсақ қызылша егетін шаруашылықтарды жеткізеді. Маусымда қызметкерлер саны 500-600 адамға жетеді.



Өндірісті одан әрі кеңейту ашытқы зауыты мен құрама жем шығаратын зауыт салу есебінен жоспарлануда. Кәсіпорында үдерістерді автоматтандыру және өндірістің шикі сұлбасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізу мүмкіндігі бар, бұл зауыттың жыл бойы жұмыс істеуіне алып келеді және өңір халқын жұмыспен қамтамасыз етуге оң әсер етеді.

Анар САБЫРОВА


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар