Жамбыл ауданында заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру дерегі анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Белгілі бір аумақта көлемі шағын көлдермен тең жыралар қазылғаны анықталды", – деді қадағалаушы орган өкілдері.
Тексеру шаралары барысында ауданда рұқсатсыз пайдалы қазбаларды өндірудің жеті дерегі әшкереленді.
"Қоршаған ортаға залал келтіру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал қазба жұмыстарына пайдаланылған техника айыппұл тұрағына қойылды", – деп атап өтті прокуратура.
Айта кетейік, жер қойнауын өз бетінше пайдаланғаны үшін мүлкін тәркілеумен қоса бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Мұндай жаза құқық бұзушылықты қылмыстық топ жасаған жағдайда, ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе аса ірі көлемде залал келтірілген кезде тағайындалуы мүмкін.