Алматы облысында тау басына шығып алған жасөспірім құтқарылды

Кәмшат Тілеухан 23 қар. 2024 09:57 1076

Алматы облысында Іле Алатауы тауларының басына шығып алып, одан өз бетімен түсе алмаған жасөспірімді ТЖМ қызметкерлері құтқарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 қарашада күндіз 112 пультіне 2008 жылғы жас жігіт көмекке жүгініп, өзінің теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте орналасқан Букреев шыңына шығып, одан өз бетінше түсе алмай тұрғанын айтқан. Таулы жерде ол жалғыз болған. Байланыс кезінде оның телефоны үнемі қосулы болып, бұл құтқарушыларға көп септігін тигізген.

"Құтқарушылар баланың тауға көтерілу бағытын анықтап, аумақты тексеруге кірісті. Жасөспірімді тауып алған ТЖМ қызметкерлері оны таудан түсіріп, Алматыға жеткізді. Оны туыстары күтіп тұрған еді. Оған барлық қажетті көмек көрсетілді", делінген хабарламада.

Ал жерге түскен ол өзінің қарны ашқанын, тонғанын айтқан.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар