Алматы облысында сегіз адам 15 жастағы жетім қызды зорлады деп айыпталды

Сағыныш Сардарова 10 сәу. 2026 09:23

Алматы облысында 15 жастағы жетім қызға қатысты ауыр қылмыс дерегі тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеп.

Алдын ала мәлімет бойынша сегіз күдікті екі ай бойы жасөспірімді қорқытып, зорлық көрсеткен. Телеарна мәліметінше, олардың екеуі ауыл мұғалімдерінің балалары екені айтылып жатыр.

Жәбірленуші қысым мен бопсалауға байланысты бұл туралы жақындарына айта алмаған. Күдіктілер түрлі бейнежазбаларды жариялаймыз деп қорқытқан.

Оқиға туралы қыздың отбасына мектеп директоры хабарлаған. Кейін бірден прокуратураға арыз түсірілген.

Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қайда екені және олардың жауапкершілікке тартылуы бойынша ресми органдар нақты ақпарат бермеген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove