Алматы облысында отандық вакцинаны 370-тен астам адам салдырды
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 146 адам Кербұлақ аудандық орталық ауруханада вакцинаның бірінші компонентін алды, Көксу ОАА – 121, Талдықорған қалалық емханасында – 80, Текелі ОАА – 23, Қаратал ОАА – 8 адам осы вакцинаны салдырды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Жансеңгіровтің айтуынша, отандық вакцинаның өзгелерінен ерекшелігі сол, оны +2-ден +8 градусқа дейін сақтауға болады, бұл оның тасымалдау, сақтау жағдайларының тиімділігін көрсетеді. «Қазақстандық ғалымдар дайындаған бұл вакцинаның белсенділігі жойылған» деп түсіндірді маман.
Жалпы бүгінгі күні Алматы облысында коронавирусқа қарсы вакциналардың 1-ші компонентін 134 253 адам, ІІ компонентін 17 596 адам салдырды. 253 егу пункті жұмыс істейді, соның 80-і жылжымалы пункт.