Аймақтағы білім саласының өкілдері басын қосқан шараға ҚР Оқу-ағарту министрі Асқат Аймағамбетов қатысты.
Еліміздің бас ұстазы өңірдегі мұғалімдермен өткен жиында облыс әкімінің салаға қатысты есебін таңдады.
Министр қатысқан бұл кеңесте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ағымдағы жылы білім саласының бюджеті 274,7 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 34 млрд теңгеге артқанын алға тарты.
Биыл өңірде білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,6 млрд теңге, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 2,7 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.
– 2022 жылға жергілікті бюджет есебінен жаңа модификациялық кабинеттер сатып алуға 1063,3 млрд теңге қаражат бөлініп, жыл соңына дейін 102 пән кабинеті сатып алынады, – деді облыс әкімі Марат Елеусізұлы.