Өңір басшысының айтуынша, әзірге көгілдір отын жеткізілмеген бес аудан қалды: «Осы аудандарды газдандыру үшін «Талдықорған – Үшарал», «Шелек – Кеген» магистралды газ құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын аяқтаймыз. Құрылыс жұмыстары келесі жылдан басталады» деді А. Баталов.
Сол сияқты спикер орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі республика бойынша алдыңғы қатарда екенін тілге тиек етті, яғни 98,3%, бұл 678 елді мекен қамтылды деген сөз. Биылғы жылы 7 ауылға су құбырын жүргізу есебінен бұл көрсеткіш 99,5% жеткізіледі, сол сияқты 11 ауылда ауыз су сапасы жақсартылады.
Баяндамашының сөзіне сүйенсек, жылдан жылға жол сапасы да жақсарып келеді, қазіргі кезде жақсы және қанағаттарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы жолдардың үлесі – 84%. Биылғы жылы 385 елді мекенде облыстық маңыздағы және ауылішілік 332 км жол жөнделеді, оған 33 млрд. теңге бөлінді.