Талғар ауданында Еуразиялық логистикалық паркінің алғашқы іргетасы қаланды. Парк Алматының Үлкен айналма автомобиль жолының (ҮААЖ) маңында орналасатын 13 гектар аумаққа салынатын болады. Бұл жүк көліктері үшін қолайлы жол қатынасын қамтамасыз етіп, жүктің Қазақстан мен шетелдерге жеткізілуін жеделдетеді, сондай-ақ импорттық-экспорттық логистиканы жеңілдетеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кешеннің құрамында жалпы аумағы 50 мың шаршы метрден асатын қойма ғимараттары, жүк және жеңіл көлікке арналған тұрақтар, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар болады. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 22 миллиард теңгені құрайды.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жобаның маңыздылығын атап өтіп, Еуразиялық логистикалық парк Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін нығайтуға, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және ірі шетелдік инвесторларды тартуға мүмкіндік беретінін айтты. Оның сөзінше:
