Алматы облысында еңбек адамының беделін көтеруге қатысты форум өтті

Жарбол Кентұлы 13 ақп. 2025 11:10 605

Күні кеше ғана Алматы облысында «Еңбек нарығындағы
жұмысшы мамандықтар жылы» аясында форум өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағы баршаға белгілі. Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  .

Еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жетілдіру 2025 жылдың басты мақсаты және негізгі жоспардың бірі.

Осы мақсатта Алматы облысында жұмыстар жүйелі. Бірі Қарасай ауданында өткізілген ауқымды басқосу. Шараға Алматы облыстық әкімдігінің өкілдері, басқарма басшылары мен бір қатар жоғарғы оқу орындарыныңбасшылары, қызметкерлері, ірі кәсіпорындар менколледж өкілдері және Павлодар облысы мен Алматы облысының еңбек мобильділігі орталығының құрамы қатысты. Олар жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру мен оларға көрсетілетін қолдау мәселесін жан-жақты талқылады.

Жиында сөз алған Алматы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова Президенттің бұл бастамасы экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам екенін атап өтті.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар