Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, аталған мерзімде өнеркәсіп өндірісіндегі өңдеу саласының үлесі 84,7 %-ға жеткен, ал өңдеу негізінде шығарылған өнім 636 млрд. теңгені құрады.
2017 жылы облыста 65 жаңа өнеркәсіп орны ашылып, жұмыс істеп тұрған 30 нысан кеңейтілді, соның негізінде қосымша 1 800 жаңа жұмыс орны ашылды.
Сонымен қатар өткен жылы облысқа 527,3 млрд. теңге инвестиция тартылғанын да атап өту керек.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі