Батыс Қазақстан облысында жүргізіліп жатқан су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында, Орал қаласына Алматы облысынан қомақты көмек көрсетілді. Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде 51 бірлік техника тиеген бірінші эшелон жеткізіліп, түрлі аудандарға таратылды. Орал қаласына 15 бірлік, Бөрлі ауданына 10 бірлік, Ақжайық ауданына 32 бірлік техника бөлініп берілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал 18 сәуірде, екінші эшелон 71 бірлік техниканы жеткізді. Орал қаласына 52 бірлік, Қостолов ауданына 5 бірлік, Бөрілі ауданына 8 бірлік және Теректі ауданына 3 бірлік бөлінді. Орал қаласына да қосымша 49 бірлік техника әкелінді.
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға, Алматы облысынан әкелінген барлығы 171 техника жұмылдырылған.
Атап айтқанда 122-сі эшелонмен жеткізілсе, Орал қаласынан келісім-шарт бойынша жалға алған 42 бірлік, және КазАвтоДор мекемесінің филиалынан 7 бірлік техника бағыттар бойынша жұмыс істеуде. Бұл табиғи апаттармен кешенді күресте айтарлықтай қосқан күш әрі су тасқынына қарасы тиімді күресуге мүмкіндік береді.
Осындай іс-шаралар, қиын жағдайда еліміздің өңірлері арасындағы ынтымақтастық пен ауызбіршілігін, дер кезінде көмек қолын созудың маңыздылығын көрсетті. Бірлескен күш-жігеріміз су тасқынының зардаптарын азайтуға, және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді деп сенеміз.