«AMANAT» партиясы су тасқынынан зиян шеккендерге алғашқылардың бірі болып көмек қолын созып, гуманитарлық көмек жинауды бастап кетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Бүгін игі бастамаға облыстық AMANAT партиясының мүшелері қосылды.
– Бірнеше өңірді су алып жатқандығы баршамыздың қабырғамызды қайыстырып отыр. Еліміз үшін, халқымыз үшін қолдан келген көмекті аянып қалмаймыз. Зардап шеккен аймақтардағы әріптестерімізбен хабарласып, қандай қажетті құрал жабдықтар керек екенін сұрадық. Олардың бірінші сұранысы – резеңке аяқ киім. Партияластар мен депутаттық фракция мүшелері 1 мыңнан аса резеңке етік жинап, алғашқы көмек легін бастады, – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев.
