Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек қазіргі қымбатшылық кезінде ай сайынғы жалақысының отбасы қажеттіліктеріне толық жетпейтінін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Депутаттың сөзінше, бүгінде бала тәрбиесіне кететін шығын айтарлықтай артқан. Балабақша, түрлі үйірмелер, киім-кешек пен күнделікті азық-түлік бағасының өсуі отбасылық бюджетке салмақ түсіріп отыр.
“Бір баланы балабақшаға апарып, секцияларға қатыстырудың өзі қомақты қаржы талап етеді. Киіндіру, аяқ киім алу, тамақ мәселесі тағы бар. Қазір миллион теңгенің өзі кей отбасыларға жетпей жатады. Өзім шамамен 900 мың теңге аламын, бірақ ол толық жетеді деп айта алмаймын. Сондықтан жұбайымның да жұмыс істегенін қаладым”, — деді ол Үкімет кулуарында.