Түркияда Қазақстан Президентінің бастамасымен салынған Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Рәсімге Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған қатысты. Мектеп 2023 жылғы жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясының Нұрдағы қаласында орналасқан.
Заманауи білім ошағында 32 бастауыш және 4 мектепке дейінгі сынып қарастырылған. Ғимараттың жалпы ауданы – 6 мың шаршы метр.
"Білім беру саласындағы ынтымақтастық жалғасады. Қазақстан мен Түркия Қазақстанда "Маариф" Түрік қорының екі мектебін ашу туралы меморандумға қол қойды", - деп жазылған министрлік хабарламасында.
2023 жылғы 6 ақпандағы жойқын зілзаладан зардап шеккен өңірге арналған жаңа мектеп салу бастамасын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтергені белгілі.