Алматы метросының пойыздары 15 минутқа тоқтап қалды

Алматы метросының пойыздары 15 минутқа тоқтап қалды
Алматы метросындағы Жолаушылар пойызы станциялар арасында 15 минутқа тоқтап қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы метрополитені пойыздардың бірімен болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

– Техникалық себептерге байланысты Алмалы және Абай станциялары арасындағы тоннельдегі пойыз тоқтады. Пойыз 15 минутқа тоқтап қалған. Себептері анықталып жатыр, қосымша ақпарат хабарланады. Пойыздардың қозғалыс кестесі қалпына келтіріліп жатыр, – делінген хабарламада.