Алматы мен Минск арасында тікелей әуе рейсі ашылады

Ақтоты Жапатова 10 шіл. 2025 11:00

10 тамыздан бастап Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты іске қосылады. Бұл туралы ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті мәлім етті,- деп хабарлайды Dalanews.kz

"Ағымдағы жылдың 10 тамызынан бастап "SCAT" қазақстандық әуе компаниясы Алматы-Минск жаңа халықаралық бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастайды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Минскіге рейстерді Астана қаласынан Беларусь «Белавиа» әуе компаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен орындайды.

Осылайша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің жалпы саны аптасына 6 рейске дейін артады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар