Алматы әуежайында ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр

Көркем Алдабергенова 05 қар. 2025 14:37

Алматы әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейстердің кешігуі тіркелді. Көбіне ұшақтардың келуі бойынша кідірістер байқалуда.

Кешіккендердің арасында ішкі және халықаралық бағыттар бар. Олардың қатарында Астана, Новосибирск, Өскемен, Ташкент, Дели және Дубай қалаларынан ұшатын рейстер де бар.

Айта кетейік, Алматыда түнде толассыз қар жауды

4 қарашада сағат 20:00-ден бастап Алматыда қар жауа бастады. Ауа температурасы +2 °C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с болды. Қар қалыңдығы қалада шамамен 1 см, таулы аймақта 10 см-ге дейін жетеді.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, түнде жауған қардан кейін Алматыда 17 жол апаты болған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар