Алматы әкімдігі «Қайрат» ФК-ға бөлінген 750 млн теңгеге қатысты түсініктеме берді

Көркем Алдабергенова 23 қаң. 2026 15:23

Алматы әкімдігі 2026 жылға арналған бюджетте жеке меншік «Қайрат» футбол клубына 750 млн теңге бөлу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл қаражат нақты бір клубты қаржыландыруға арналмаған, дегенмен құжатта қаражат алушы ретінде дәл осы «Қайрат» көрсетілген, деп хабарлайды Dalanews.kz BES.media-ға сілтеме жасап.

Әкімдік өкілдері бұл қаржы спорт клубтарының қызметін ұйымдастыруға арналғанын және мердігер мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталатынын мәлімдеді.

Қала әкімдігі «Қайрат» футбол клубы бюджет қаржысын тікелей алушы емес, тек балалар мен жасөспірімдер командаларын ұйымдастыру қызметін көрсететін әлеуетті жеткізушілердің бірі ғана екенін атап өткен.

Сонымен қатар, билік өкілдері бұл қаражат клубтың негізгі кәсіби командасын қаржыландыруға арналмағанын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» футбол клубы 2026 жылы Алматы бюджетiнен 840 млн теңге алатыны хабарланған еді


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove