Allur компаниялар тобы Қостанайдағы автокөлік колледжін жөндеуден өткізіп, техникалық базаны жаңартты. Дуальді оқытуды ұйымдастырды. Яғни, студенттер зауытта тәжірибеден өтеді. Кейін осында жұмысқа орналасады.
Азат Әбішев, кадрмен жұмыс жөніндегі маман:
- Мен бұрын осы жерден тәжірибеден өткем. Жұмысымды, адамдармен тез тіл табысатынымды байқап, қайта шақырды. Қазір электр дәнекерлеушілерді оқытып жатырмыз. Арасында оқуды жаңадан бітіргендер де, жасы үлкен адамдар да бар.
Allur бұған қоса, тағы бір жаңа жобаны қолға алып, бір жыл ішінде қазақ тіліндегі машина жасау терминдерінің сөздігін жасап шығарды.
Айгүл Ахметова, R and D жоба жетекшісі:
- Әр сөзді талқылап, аудармасы болса аудардық. Аудармасы болмаса, қарапайым тілмен түсіндіріп, ол сөздің өндірістегі қолданысын анықтау үшін әр сөз үшін офис пен өндірістің ортасында жүрдік. Енгізілген, аударылған сөздерді қазақ тобынының балалары бірден қабылдап алды.
Машина жасау зауыты өкілдерінің айутынша, қолынан іс келетін, еңбекқор жастар аймақта өте көп. Оларға алған білімін өндіріс орнында ұштастыруға жағдай жасалуы тиіс.
Қазақстандағы машина жасау өнеркәсібі өндіріс көлемінің, жаңа жұмыс орындарын ашу мен жалақының өсімі бойынша көшбасшылар қатарында. Қазір республикада осы салада 3,5 мың кәсіпорын бар. Онда 115 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
https://youtu.be/iSrRGe2iLTA?si=8bLR55ONKrNa8Pa