Allur компаниясының ғылыми жобалар жетекшісі Сәтбаев атындағы медальмен марапатталды

Қаракөз Амантай 21 қар. 2024 09:00 0

Қазақстандағы тұңғыш техникалық зерттеу университеті – Сәтбаев университетінің 90 жылдығына және қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған салтанатты іс-шара барысында Allur қазақстандық автомобиль компаниясының ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшісі Айгүл Ахметова ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін Сәтбаев атындағы медальмен марапатталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл марапат университеттің стратегиялық серіктестеріне табысталды. Олар тек елдің өнеркәсібін дамытып қана қоймай, болашақ мамандарды даярлауға белсенді атсалысуда.

“Бұл марапат – адам капиталын дамыту жолындағы ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Сонымен қатар білім беру ұйымдарымен сапалы ынтымақтастық орнатқан Allur жоғары инженерлік мектебінің үш жылдық жұмысының жемісі. Аталған құрылымның нақты нәтиже көрсетіп жатқанына қуаныштымыз. Бұл тәсіл инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудың ұлттық үлгісінің негізі болмақ”, — деп атап өтті Айгүл Сапарғалиқызы.


Allur
— кадрларды заманауи жергілікті қажеттіліктер үшін ғана емес, болашақ инновациялық экономикаға да бейімдеп даярлайтын тұтас модель құруға ұмтылған алғашқы қазақстандық компаниялардың бірі. Компанияның инженерлерді үш бағыт бойынша даярлауды көздейді. Атап айтатын болсақ, ғылым инженері, өндіріс инженері және кәсіпкер инженер. Бұл модель білім берудің мектеп деңгейінен бастап қолданбалы ғылымға дейінгі барлық кезеңін қамтиды.

Бүгінде компанияның бірқатар жетістігі бар:

— студенттердің теориялық білімін практикалық дағдылармен ұштастыруға мүмкіндік беретін дуальды білім беру жүйесін енгізу;

— студенттердің дипломдық жобаларын нақты өндірістегі тәжірибеге сүйене отырып әзірлеу.

Сонымен қатар Айгүл Ахметова білім беру саласының жаһандық көшбасшыларымен интеграция жасау жаңа серпін беретінін айта отырып, Allur компаниясы халықаралық тәжірибені белсенді түрде тартатынын атап өтті. Бүгінде компания Қазақстанда корей университеттерінің филиалдарын ашу бойынша жұмыс істеп жатыр. Мұндай филиалдардың бірі Қостанай облысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті базасында екінші жыл жұмыс істесе, енді Рудный индустриялық институты базасында филиал ашу жоспарлануда.

Бұл бастамалар өңірдің білім беру әлеуетін нығайтып, жаңа өндірістік революция жағдайында жұмыс істей алатын білікті мамандарды дайындауға берік негіз қалыптастырады.

Президент Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жариялады. Бұл Allur компаниясының негізгі мақсаттарының біріне сәйкес келеді. Нақтырақ айтсақ, біз де ел экономикасының сұранысына сай келетін әрі Қазақстанның болашағын айқындайтын кадрларды дайындауға жұмыс істейміз.

“Әлем жаңа технологияларға бет бұрып келеді, ал елдің болашағы білікті инженерлерге байланысты. Сондықтан Allur бірегей ұлттық үлгіні дамыта отырып, білім беру құрылымдарымен интеграцияны жалғастырады”, — дейді Allur компаниясы директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі.

Allur компаниясының ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі елдегі жетекші университеттердің бірі Satbayev University-дің мерейтойында аталып өтуі — бұл өнеркәсіп, білім және инновация арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды жұмыстың нәтижесі. Сонымен қатар бұл ел дамуының жаңа бағытын айқындауға мүмкіндік береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар