Әлихан Смайылов қызметіне қайта тағайындалды

Әлихан Смайылов қызметіне қайта тағайындалды
gov.kz

Әлихан Смайылов қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 1972 жылдың 18 желтоқсанында Алматы қаласында дүниеге келген.

1993-1999 жылдары «А-Инвест» инвестициялық-жекешелендіру қорында, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінде, Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған. 1999-2003 жж. — Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы. 2003-2006 жж. — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы. 2006-2009 жж. — Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ президенті. 2009-2014 жж. — Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы. 2014-2015 жж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы. 2015-2018 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2018 - 2019 жж. — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі. 2019-2021 жж. — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі. 2022-2024 жж. — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.  

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі №512 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы  болып  тағайындалды